27.01.2010, 12:27 3165

Парламентте "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясы құрылатын болды

Парламентте "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясы құрылатын болды

Астана. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келіспеді, соған байланысты парламенттің қос палатасының арасындағы келіспеушілікті еңсеру үшін келісім комиссиясын құруға шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат депутаттары 24 желтоқсанда өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, бұл заң жобасы террористік қылмыс жасаған адамдарға ескіру мерзімдерін қолдануға тыйым салуға, экстремистік немесе террористік ұйымның өз атауын өзгерту фактісін соттың анықтау тетігін реттеуге, бұқаралық ақпарат құралдарында терроризмге қарсы операциялардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын мәліметтер мен материалдарды таратуды шектеуге, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін реттеуді жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасымен "Терроризмге қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына айтарлықтай өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып отыр. Атап айтқанда терроризмге қарсы операцияға қатысатын адамдардың мүмкіндіктерін негізсіз тарылтуды болдырмау мақсатында азаматтардың тұрғын үй-жайларына террористердің ізіне түскен кезде ғана кіруге болады деген қағиданы алып тастау ұсынылады. Заңнамаға сәйкес келтіру үшін, егер кідіру адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін болғанда, осы іс-қимылдың шарты ретінде жол берілетіндігін бекіту ұсынылады.

Одан басқа, жүргізілген іс-қимылдардың заңдылығын тексеру үшін тұрғын үйге кіру фактілері туралы хабарламаны жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберу туралы нормамен толықтыру ұсынылды.

Сонымен бірге, ТМД-ға қатысушы елдердың заңнамаларын біріздендіру мақсатында шаралардың террористік қауіп дәрежесімен мөлшерлестігі түрінде заңды терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырудың жаңа принципімен толықтыру ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны