27.01.2010, 12:33 2961

Парламентте "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясы құрылатын болды

Парламентте "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясы құрылатын болды

Астана. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келіспеді, соған байланысты парламенттің қос палатасының арасындағы келіспеушілікті еңсеру үшін келісім комиссиясын құруға шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат депутаттары 11 желтоқсанда өткен жалпы отырыста "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды.

Заң жобасы отандық кинематографияны, мұражай және кітапхана ісін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ мәдени мұраларды қалыптастыруға және сақтауға қатысты қолданыстағы құқықты одан әрі жетілдіруді көздейді.

Заң жобасына фильмдерге прокат куәлігін беру тәртібіне, сондай-ақ мемлекеттік тілге кәсіби түрде аударылған фильмдер прокатына қатысты түзетулер енгізу қажеттігі айтылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны