01.09.2009, 11:10 1505

Парламенттің екінші сессиясы кезінде мемлекет тұрақтандыру шараларына 19 млрд доллар бағыттады

Парламенттің екінші сессиясы кезінде мемлекет тұрақтандыру шараларына 19 млрд доллар бағыттады

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Парламенттің екінші сессиясы кезінде мемлекет тұрақтандыру шараларына 19 млрд доллар бағыттады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өткен кезеңде мемлекет тұрақтандыру шараларына 19 млрд доллар бағыттады, бұл еліміздің Жалпы ішкі өнімінің 14%-ына тең", - деді Н. Назарбаев.

"Қабылданған шаралардың оң нәтижелерін біз қазірдің өзінде-ақ байқап отырмыз", - деді мемлекет басшысы.

Н. Назарбаевтың бағалауынша, әлеуметтік саланы бекіте түсуге мүмкіндік туды. "Біз мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін сақтап қалдық", - деді ол.

Президенттің айтуынша, бұл орайда халықты аймақтық жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру айрықша маңызды роль атқарды, оған "191 млрд теңге бөлінді".

"Үкімет, жергілікті атқарушы билік органдары мен ірі жұмыс берушілер арасындағы үш жақты меморандумдар сақталып отыр. Осының барлығы да жұмыссыздық деңгейін, ең алдымен жастар арасындағы жұмыссыздықты ұлғайтуға емес, керісінше қысқартуға мүмкіндік берді", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны