Система Orphus

Парламенттің үшінші сессиясында 49 халықаралық келісім мен конвенция ратификацияланды

30.06.2014, 22:39 6520

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасының бірлескен отырысында төменгі палата төрағасы Қабиболла Жақыпов Парламенттің үшінші сессиясында 49 халықаралық келісім мен конвенция ратификацияланғанын айтты.

"Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытынды сессиясында палата заманауи қатерлерге қарсы тұру мен елдің сыртқы саясатындағы басымдылықтарды заңнамамен қамтамасыз етуге жағдай жасады. Парламенттің үшінші сессиясынан бастап көпжақты және екіжақты сипаттағы 49 халықаралық келісім мен конвенция ратификацияланды", - деді Қабиболла Жақыпов

Оның айтуынша, сессия барысында Парламент депутаттары 13 халықаралық парламентаралық ұйымдардың қызметіне қатысып, топ жұмысы әлемнің 60 елінің парламентшілерімен 300-ден астам халықаралық шараларымен әріптестік құрды.

Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің маңыздылығына тоқталды. 2013 жылы Қазақстан Президентінің бастамасымен қолға алынған Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне 10 жыл болады.

"Осы уақыт аралығында Съезд халықаралық қауымдастықтың назарын өзіне тартып, әлемдік діндердің жаһандық диалогының алаңына айнала білді. Съездің он жылдығына орай өткен жылдың қыркүйек айында Сенат "Астана дінаралық форумның рөлі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды", - дейді.

Бүгінде келер жылғы қыркүйек айындағы Съезд хатшылығының отырысына дайындық жүргізілуде. Қ.Жақыповтың айтуынша, бұл шара Қазақстанның әлем алдындағы беделін одан әрі арттыра түспек.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны