25.05.2017, 15:49 5366

Патриарх Кирилл қазақстандық награда - "Достық" орденімен марапатталды

Бүгін Құтқарушы Христос храмында Қазақстан Республикасыныӊ Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге I дәрежелі "Достық" орденін тапсырды.

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Құтқарушы Христос храмында Қазақстан Республикасыныӊ Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге I дәрежелі "Достық" орденін тапсырды.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ Жарлығымен Орыс православ шіркеуініӊ жетекшісі "мемлекеттік және қоғамдық қызметке, елдіӊ әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы сіӊірген еӊбегі үшін" жоғары наградаға ие болды.

Иманғали Тасмағамбетов осынау айтулы күні Қазақстан Республикасы мен ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ атынан награда тапсыру үлкен мәртебе екенін айтты. "Бұл Сіздіӊ бейбітшілік пен келісімді, екі елдіӊ халықтары арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы тынымсыз әрі өлшеусіз еӊбегіӊізге деген айрықша құрмет", - деп атап өтті қазақстандық дипломат.

"Қазақстанда исламмен қатар, православ діні де қоғамдық өмірде ерекше орны бар жетекші конфессиялардыӊ бірі. Біздіӊ елімізде Орыс православ шіркеуі өте маӊызды жасампаз қызметті атқарады", - деді Елші.

Өз кезегінде Патриарх Кирилл көрсетілген жоғары марапат үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алығысын жеткізіп, барша қазақ халқына бейбіт өмір мен өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

"Достық" ордені - Қазақстан Республикасыныӊ жоғары наградаларыныӊ бірі. Бұл орденмен қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтауда жемісті жұмыс атқарған, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға еӊбек сіӊірген азаматтар марапатталады. Орден иегерлерініӊ арасында - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа, Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Алексий II, АҚШ Президенті (1989-1993) Джордж Буш (үлкені), АҚШ-тыӊ 67-ші Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Ұлыбританияныӊ Премьер-министрі (1979-1990) Маргарет Тэтчер, кардинал-епископ, кардиналдар алқасыныӊ деканы (2001) Анджело Содано, Сауд Арабиясыныӊ патшасы - Абдулла ибн Абдул Азиз ас-Сауд, Хорватия Президенті (2000- 2010) Степан Месич, Румыния Президенті Ион Илиеску, Татарстан Республикасыныӊ тұӊғыш Президенті Минтимер Шаймиев, С 1-ші премьер-министрі Ли Куан Ю, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов, Словакия Президенті (2007) Иван Гашпарович, Венгрия Президенті (2007) -Ласло Шойом, ФИФА президенті Йозеф Блаттер, РФ Президенті Икімшілігініӊ басшысы Сергей Иванов, қару құрастырушы Михаил Калашников, балетмейстер Юрий Григорович, КСРО Халық әртісі Иосиф Кобзон және басқа танымал тұлғалар бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны