12.02.2008, 18:51 2721

Павлодар қалалық мәслихатының бір депутатында үш елдің азаматтығы бар болып шықты - ІІД

Павлодар қалалық мәслихатының бір депутатында үш елдің азаматтығы бар болып шықты - ІІД

Павлодар. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар қалалық мәслихатының Вячеслав Руфф есімді бір депутатында үш елдің, атап айтсақ, РФ , ГФР және Қазақстан азаматтығы бар болып шықты. Бұл туралы агенттік тілшісіне Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

ІІД-нің хабарлауынша, өткен жылдың аяғында полицияға В.Руффтың шетелдік азаматтығы бар екендігі туралы жасырын ақпарат келіп түскен. "Осы дерек бойынша біз Ресей мен Германияның тиісті құрылымдарына сұрау жолдадық", -деді ІІД-дегілер. Департамент ақпаратына сәйкес, жуырда Ресейден депутаттың РФ азаматтығын алғандығын растайтын жазбаша жауап келді. Германиядан да осындай жауап келді. "Қазір біз бұл деректі растайтын ресми хат күтіп отырмыз", - дейді ІІД-дегілер.

Ал Қазақстан Конституциясына сәйкес, елімізде бір ғана азаматтық мойындалады.

Адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда ол Қазақстан азаматтығынан автоматты түрде айырылады. "Демек, оның депутат болуға және мемлекеттік лауазымдарды иемденуге құқығы жоқ",- дейді департаменттегілер.

36 жастағы В. Руфф ет және сүт өнімдерін шығаратын "Рубиком" атты компанияның қожайыны, дейді агенттік тілшісі. Ол 2007 жылдың 18 тамызында өткен сайлауда өз бетімен ат ұсынып, депутаттық мандат алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны