27.09.2007, 11:53 2751

Павлодар қаласында сот жас жігітті өзінің мектептегі досын өлтіргені үшін 9,5 жылға бас бостандығынан айырды

Павлодар қаласында сот жас жігітті өзінің мектептегі досын өлтіргені үшін 9,5 жылға бас бостандығынан айырды

Павлодар. 27-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар қаласында сот 25 жастағы жігітті өзінің досын өлтіргені үшін 9,5 жылдық бас бостандығынан айыру мерзімін қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қалалық прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың 4 шілдесінде сотталушы өзінің мектептен бергі танысымен ерегісіп қалып, оны Павлодардың орталық көшелерінің бірінде 16-шы калибрдың тапаншасымен атқан. Ол алған жарақаты салдарынан көз жұмған. Полиция қызметкерлері кісі өлтірушіні 12 сағат өткен соң қолға түсірген, сондай-ақ, оның автокөлігінен адам өлтірген қару - тапанша табылған.

"Тергеу кезінде және де сотта айыпталушы өз кінәсін мойындаудан бас тартқан. Ол қаруды оған полиция қызметкерлері тастағандығын және ол адам өлген күні бүкіл бос уақытын көшеде өткізіп, содан кейін өзінің өгей шешесіне барғандығын мәлімдеді", - деді "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі Гүлмира Төлеубаева.

Полиция қызметкерлері айыпталушының берген жауаптарын тексерген. Нәтижесінде оның өгей шешесінде бармағандығы анықталған. Тіпті, кісі өлтіру уақытында оның басқа жақта болғандығына куәлік етіп оны қорғап шығар бірде-бір куәгер табылмаған. Тәркіленген тапаншаға жасалған сараптама қорытындысы оның жақын уақытта пайдаланғандығын дәлелдеді.

Алайда, айыптау үкімінің шығуына басты себеп болған жайт жәбірленуші өзін ауруханаға танымайтын бөтен адам әкетіп бара жатқанда қылмыскердің аты мен тегін атап үлгерген. Тергеу кезінде айыпталушы өзінен 2 жас үлкен марқұммен оқушы кезінен таныс болғандығын жасырған жоқ. Алайда, төбелестің неден болғандығын айтқан жоқ. Ал, 7 қыркүйектен басталған сот отырыстарында өзінің кісі өліміне қатыс барын жоққа шығарды.

Павлодар қаласының соты 25 жасар павлодарлықты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің екі бабы - 96 баптың 1 тармағы (кісі өлтіру) және 251 баптың 1 тармағы (заңсыз суық қару сақтау, алып жүру) бойынша айыпты деп танып, тоғыз жарым жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге шешім шығарды. Мемлекеттік айыптаушы бұл жазаны әділеті деп санайды. Алайда, сотталушы тарапынан аппеляция беру мүмкіндігін жоққа шығармайды.

"Шешім 21 қыркүйек күні шықты. Ол өзінің заңдық күшіне енгенше, яғни 15 күн ішінде сотталушы өзін кінәлі деп есептемеуіне байланысты сот шешіміне қарсылық білдіретін мүмкіндігі бар. Менің ойымша, іс әлі аяқталған жоқ. Бірақ, біз оның кінәлі екендігіне еш күмәніміз жоқ. Оған қарсы дәлел жеткілікті", - деді сот ісінде мемлекеттік айыптаушы рөлінде болған Гүлмира Төлеубаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны