29.06.2009, 18:11 2653

Павлодар қаласында түзеу мекемелерінде жазаларын өтеушілерге арналған қылмыстық қорға ақша жинаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Павлодар қаласында түзеу мекемелерінде жазаларын өтеушілерге арналған қылмыстық қорға ақша жинаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар қаласында түзеу мекемелерінде жазаларын өтеушілерге арналған қылмыстық қорға ақша жинаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Есірткі таратумен, кәсіпкерлерді бопсалаумен және түзеу мекемелерінде жазаларын өтеушілерге арналған қылмыстық қорға ақша жинаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты мақсатты түрде жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 26 маусымда Павлодар қаласында қылмыстық лақап аты "Доцент" деген ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі ұсталды. Ол 1986 жылы топ болып әйел зорлағаны үшін сотталған. Ұстау барысында одан 4 патроны бар "ТТ" тапаншасы және аса ірі көлемде героин тәркіленді (4,5 грамм)",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны