13.04.2016, 11:02 3708

Павлодар облысы әкімініӊ ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары тағайындалды

Бұл лауазымға бұған дейін "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасыныӊ кеӊесшісі қызметін атқарған Бауыржан Қасенов келді

Павлодар. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Павлодар облысыныӊ әкімі Болат Бақауов өзініӊ ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл лауазымға бұған дейін "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасыныӊ кеӊесшісі қызметін атқарған Бауыржан Қасенов келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Ол 1971 жылы Павлодар облысы Краснокутск (қазіргі Ақтоғай ауданы) К. Маркс ауылында туған. Ақмола ауыл шаруашылығы институтында ғылыми агроном және Томск мемлекеттік университетінде экономист-менеджер мамандығы бойынша білім алған.

Еӊбек жолын К. Маркс совхозында жұмыскер болып бастаған.

1994-1996 жылдар аралығында - "Ново-Троицкий" совхозында бас тұқым өсіруші агроном, кейін Ақтоғай ауданы мемлекеттік асыл тұқымды мал шаруашылығыныӊ бас агрономы;

1997-1999 жылдары - "Агрономия" басқармасыныӊ төрағасы;

1999 жылы - Ақтоғай ауданында "Астық" ЖШС-ныӊ директоры;

2008 жылы - ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы;

2013-15 жылдары - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасыныӊ кеӊесшісі.

Өзініӊ жаӊа орынбасарына Болат Бақауов ауыл шаруашылығы саласын әрі қарай дамытуды жүктеді.

- Исіресе, экология саласындағы құзыретті мамандарды тартып, экологиялық мәселелерді шешуге баса назар аударуды сұраймын, - деді Б. Бақауов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны