28.04.2014, 20:22 11399

Павлодар облысына 2014 жылы отандастарымыздың 125 отбасы көшеді

"Қандастарымызды қоныстандыру, орналастыру және жаңа ортаға бейімдеу туралы кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдауды сұраймын. Бұл құжатта біздің өңірге қандастарымызды қоныстандыру мәселесі қаралған", - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылы Павлодар облысы 125 отбасын қабылдайды.

Облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары" бекітілді.

"Қандастарымызды қоныстандыру, орналастыру және жаңа ортаға бейімдеу туралы кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдауды сұраймын. Бұл құжатта біздің өңірге қандастарымызды қоныстандыру мәселесі қаралған", - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

2014 жылы Павлодар облысы 125 отбасын қабылдайды. Павлодар өңіріне қоныстанатын қандастар Өзбекстан, Моңғолия және Ресей Федерациясынан көшіп келеді.

Айта кетейік, қандастарды Атамекенге қоныстандырудың кешенді жоспарын әзірлеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы "Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" №248 қаулысы негіз болды. Үкіметтің осы қаулысы бойынша Павлодар облысы қандастарды қоныстандыру өңірі ретінде анықталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны