17.10.2007, 16:04 2835

Павлодар облысында 2007 жылдың 9 айында мыңнан астам өрт шыққан

Павлодар облысында 2007 жылдың 9 айында мыңнан астам өрт шыққан.

Павлодар. 17-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында 2007 жылдың 9 айында мыңнан астам өрт шыққан, олардың 78 пайызға жуығы үйлер мен пәтерлерде шыққан өрт, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Павлодар облысының өрт сөндіру қызметі департаментіне сілтеме жасай отырып.

Аймақтық өрт сөндіру қызметі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш көрсеткіштің аз болса да өсуінің себебі азаматтардың электр құралдарын пайдалану ережесін бұзу болып табылады.

Тұрғын үй саласында өрт шығу қаупін төнемдету мақсатында өрт қауіпсіздігінің айлығы өтті.

"Біздің департаменттің қызметкерлері 30 күн бойы аймақтың қала және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, тіптен бұрын теледидардан балаларға көрсетіп жүрген ең қарапайым ережелер туралы, өрттің қауіптілігі, электр құрылғылармен жұмыс істеу жайлы сөз қозғауына тура келді. Бірнеше үй қабаттары өртенген тұрмыстық өрттердің көбі жай ғана темекіні сөндірмеудің салдары",- деі агенттік тілшісіне берген сұхбатында аймақтық өрт сөндіру қызметі департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Ардақ Ибділова.

Оның айтуынша, айлық барысында өрт сөндіру қызметкерлері 16 мыңнан астам адамға қауіпсіздік шараларын үйретіп, 32 ауыл жиналысын өткізген. Өрт сөндірушілер ауылда шөптердің өртену оқиғаларының көбейіп кетуіне байланысты жергілікті жерлерде ауыл тұрғындарынан ерікті өрт сөндіру жасағын құруды ұсынды.

Айлық жүргізу кезінде мекеме қызметкерлері облыстағы 15 800 тұрғын үйге тексеру жүргізген. Мамандардың хабарлауынша, бүгінгі күнде барлық ереже бұзушылықтар жойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны