24.07.2014, 21:14 3187

Павлодар облысында 65 маманды ауыл шаруашылығы саласына бейімдеуге қатысты келісімге қол қойылды - ҰКП

Павлодар облысында 65 маманды ауыл шаруашылығы саласына даярлау мақсатында арнайы келісімге қол қойылды, - деп хабарлады Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan today. Павлодар облысында 65 маманды ауыл шаруашылығы саласына даярлау мақсатында арнайы келісімге қол қойылды, - деп хабарлады Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Павлодар облысы КП-ның ұйытқы болуымен Қашыр агро-техникалық коледжінде оқитын 40 маманды электргазын дәнекерлеуші және машинист-тракторшы мамандықтары бойынша даярлау үшін "Пішан жөндеу-механикалық зауыты" ЖШС-мен төртжақты келісімге қол қойылды. "Сағайдақ", "Родник", "Сатыбаев" шаруа қожалықтарымен және "Ділназ", "Егімбай" фермер шаруашылықтарымен 25 маманды "Фермер шаруашылығы" мамандығы бойынша даярлау үшін Успен аграрлы-техникалық колледжімен үш жақты келісім жасалды.

"Бүгінде бизнес пен білім қандай мамандарды даярлау керек екенін талқыламайды, олар нақты іске көшкен. Олар бірлесіп бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлауда. Бұл салада жарқын мысал ретінде Павлодар облысының Лебяжі, Ертіс, Железинка аудандарында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен дуалды білім беру бойынша жасалған келісімдерді атап өтуге болады", - деді директордың әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары Бақытжан Ілиясов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны