21.04.2010, 18:15 3121

Павлодар облысында 70 жастағы кейуана өзінің ұлын өлтіруге тапсырыс берген

Павлодар облысында 70 жастағы кейуана өзінің ұлын өлтіруге тапсырыс берген

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Павлодар облысында 70 жастағы кейуана өзінің ұлын өлтіруге тапсырыс берген. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Павлодар облысының полиция қызметкерлері тапсырыспен кісі өлтіру қылмысының жолын кесті. 13 сәуірде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлеріне облыс орталығының 70 жастағы тұрғыны өзінің ұлын өлтіру үшін орындаушы іздестіріп жүргені туралы жедел ақпарат келіп түсті",- деді ол.

"Арнайы іс-шараның нәтижесінде полиция қызметкері жасырын түрде тапсырысты орындаушы ретінде зейнеткер азаматшаның сеніміне кіргізілді. Сондай-ақ зейнеткердің өз ұлын пәтер үшін өлтіруге тапсырыс бергені анықталды. 17 сәуірде полиция қызметкерлері арнайы әзірлеме жүргізіп, зейнеткердің ұлының өлімін имитациялау барысында зейнеткер жасырын енгізілген полиция қызметкеріне ақша беру үстінде ұсталды.

Аталған факт бойынша кісі өлтіруге оқталғаны және оны ұйымдастырғаны үшін қылмыстық істер қозғалды",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны