22.01.2008, 17:21 3160

Павлодар облысында БАҚ көмегімен бірнеше азаматтар құқығын бұзу дерегі анықталды

Павлодар облысында БАҚ көмегімен бірнеше азаматтар құқығын бұзу дерегі анықталды

Павлодар. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттардың көмегімен өткен жылы Павлодар облысында бірнеше азаматтар құқығыны бұзу дерегі анықталған. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Павлодар облысының прокуроры Нұрмахан Исаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізіп тұрамыз, бұл әлеуметтік дау-жанжалдардың бастамаларын дер кезінде қадағалап, олардың алдын алуға мүмкіндік береді",- деді қадағалау органының басшысы.

Оның айтуынша, өткен жылы прокуратура газет басылымдарының және теледидар бағдарламаларының ізімен Ленин поселкесінің тұрғындары мен "Энергоцентр" АҚ арасындағы проблемалар бойынша жұмыстар жүргізген. Нәтижесінде облыс соты прокурорлардың электр қуатын тасымалдаушы мен ауылдық тұтынушылар кооперативіне түсірген 40 шағымын қанағаттандырған. Монополист ауыл тұрғындарынан электр қуатын жұмсағаны үшін заңсыз ақша бопсалаған.

Облыс прокурорының айтуынша, өткен жылы аймақ аумағында прокурорлық тексеру нәтижесінде барлығы 5 мыңнан астам заң бұзушлықтар анықталған, және 500-ден астам прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, қанағаттандырылған. Сондай-ақ, 150 заңсыз құқықтық актілердің, соның ішінде 15 нормативтік құқықтық актілердің күші жойылып, өзгертілген. 7 қылмыстық іс қозғалған. 800-ден асытам тұлға жауапқа тартылып, 16 адам сотталған. Мемлекеттің кірісіне 22 млн теңгеден астам қаржы қайтарылған. Прокурорлардың қадағалау іс-қызметінің нәтижесінде 11 мың азаматтың конституциялық құқықтары қорғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны