26.02.2009, 16:17 3102

Павлодар облысында бюджет қаржысын ұрлау деректері әшкереленді

Павлодар облысында бюджет қаржысын ұрлау деректері әшкереленді

Павлодар. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында бюджет қаржысын ұрлау деректері әшкереленді. Бұл туралы бүгін Павлодар облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Найля Бекжанова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Екібастұз қаласының жалпы білім беретін орта мектебінің директоры есепшімен және шаруашылық бөлімі директорының орынбасарымен сыбайласу арқылы 2006 жылдың қазан айы мен 2008 жылдың қазан айлары аралығында мемлекетке 1,5 млн теңгенің шығын келтірген", - деді ол.

Оның айтуынша, ақшаны иемденіп алу әрекеті бухгалтерлік және банк құжаттарына жалған мәліметтер енгізу арқылы кейін директор мен басқа да тұлғалардың атына негізсіз жалақы аудару арқылы іске асырылып келген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен бірге, қаржы полициясы Успенский ауданында бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады. Н. Бекжанованың айтуынша, мектеп директоры шаруашылық бөлімі меңгерушісінің қатысуымен мектептің мұқтаждығына арналған 8 тонна бюджеттік көмірді көрші ауылға өз туыстарына, ал қалған бөлігін КГКП директорына беріп жіберген, көмір ол жерде тиісті келісімсіз сақталған. Қылмыстық іс материалдары қазір сотта қаралуда.

Қашыр ауданындық ауылдық округі әкімдігінің салық бөлімінің жетекші маманы, есепшісі үш жылға шартты сотталды. "Ол белгілі бір уақыт бойы округ тұрғындарынан салық түрінде келіп түскен 62 192 теңге көлеміндегі қаржыны бюджетке енгізбеген", -деді қаржы полициясының баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны