09.11.2006, 15:59 2912

Павлодар облысында екі полиция қызметкері пара алу үстінде ұсталды

ПАВЛОДАР. 9 қараша. Kazakhstan Today. Павлодар облысында жол полициясы басқармасының екі қызметкері пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлады ҰҚК департаментінің өкілдері Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне.

Арнайы қызмет өкілдерінің ақпараттары бойынша, жуырда "Рубеж" бөгеуші жүйесінің бақылап- өткізу бөлімі ауысымының бастығы қылмыс үстінде ұсталды. "41 жастағы полиция лейтенанты Сағындық Мауқылов "Кастинг" Павлодар зауытына балқыту үшін темір алып бара жатқан Ақмола облысының КамАз жүргізушісінен 4 мың теңге талап еткен",-дейді ҰҚК өкілдері.

Осы оқиғадан үш күн бұрын "Ертіс" бақылап-өткізу пунктінде 33 жастағы полиция старшинасы Дәурен Сүлейменов қылмыс үстінде ұсталған болатын. Полиция қызметкері Оңтүстік Қазақстан облысының жүк машинасының жүргізушісінен, облыс жолдарынан кедергісіз жүруін қамтамасыз етемін деген желеумен 15 мың теңге талап еткен. Полиция қызметкерін ұстау кезінде ол оқиға орнынан жасырынбақ болған. "Жол полициясының қызметкері ақшаны лақтырып үлгерген, алайда жазадан қашып құтыла алмайды: таңбаланған ақшаларда оның саусақтарының іздері қалған, оған қоса, арнайы қызмет өкілдерінде дәлел ретінде оның пара талап еткені туралы аудиожазбалары және басқада дәлелдері бар",-деп атап өтті ҰҚКД.

Қолға түскен жол полициясының екі қызметкеріне ҚР ҚК 311-бабының 2-тармағына сәйкес "Пара алу" жөнінде қылмыстық іс қозғалды.

ҰҚКД жуырда тағы бір автоинспектордың үстінен қылмыстық іс қозғады. 42 жастағы полиция майоры Қайрат Бисембаевқа тұтқындалған автокөлкті заңсыз тұтқыннан шығарды деген айып тағылуда. Салдарынан "Халық банкінің" Екібастұздағы бөлімшесіне $52мың. көлемінде шығын келтірілген. Екібастұз ЖПБ тіркеу-сараптау бөлімінің аға инспекторы үстінен ҚР ҚК-нің "Қызмет бабын асыра пайдалану" жөніндегі 308- бабының 4- тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны