14.04.2010, 15:03 3218

Павлодар облысында ІІД қызметкерлері оқушыларға есірткі сатып тұрған жергілікті тұрғынды ұстады

Павлодар облысында ІІД қызметкерлері оқушыларға есірткі сатып тұрған жергілікті тұрғынды ұстады

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Павлодар облысының ІІД қызметкерлері арнайы операция барысында кәсіби-техникалық лицейдің аумағында оқушыларға 8 грамм марихуана сатып тұрған 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұған дейін есірткі қылмысы үшін сотталған болып шықты. Ұсталғанды тінту кезінде одан 20 грамға жуық марихуана табылды. Есірткі сату оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сондай-ақ, оның айтуынша, "12 сәуірде Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірнеше грамм героин сату кезінде осы облыстың 40 жастағы тұрғынын ұстады. Оның тұрғылықты мекен-жайын тінту барысында 2 килограммнан астам героин табылды".

"Апта ішінде 2008 қылмыс жасалды, оның ішінде "ізі суымай" 1588, сондай-ақ бұрын жасалған 363 қылмыс ашылды. 66 қылмыс жасаған күдікті табылып, 8 қару тәркіленді. Сонымен қатар 165 есірткі қылмысы, оның ішінде 39 есірткі сату фактісі анықталды. Нәтижесінде 4,5 килограмға жуық есірткі тәркіленді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны