02.07.2012, 13:04 3118

Павлодар облысында Индустрияландыру күні өтті

Іс-шара шеңберінде ағымдағы жылдың І жартыжылдығында ҮИИД бағдарламасының аясында іске қосылған нысандарға баспасөз-туры ұйымдастырылды.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - Павлодар облысында Индустрияландыру күні өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Іс-шара шеңберінде ағымдағы жылдың І жартыжылдығында ҮИИД бағдарламасының аясында іске қосылған нысандарға баспасөз-туры ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, турға қатысушылар "Технологиялық желілер", "KazakhstanProject", "КазТранскем" ЖШС-терінде болды.

Облыс әкімі Ерлан Арын Индустрияландыру күнінің аясында жеке технологиялық желі - анод зауытын іске қосқалы отырған "Қазақстан электролиз зауытында болды.

Облыс орталығында сондай-ақ ҮИИД бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берілген "дөңгелек үстел" отырысы өтті.

Және Павлодарда облыс аумағында өндірілетін өнімдердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және ҮИИД бағдарламасы мен "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындар қатысты.

Айта кету керек, ағымдағы жылы өңірде 136 млрд. теңге инвестицияның 49 жобасын іске қосу, 1952 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Аталған 49 жобаның 21-і іске қосылып қойды. Олардың ішіндегі ең үлкен жоба - Екібастұз ГРЭС-1 стансасында құрастырылып жатқан қуаты 500 МВт №8 энергоблок болып табылады. Бұл энергоблок стансаның қазіргі қуатын 2500 МВт-тан 3000 МВт жеткізуге мүмкіндік береді.

Индустрияландыру картасының аясында іске асырылатын жалпы сомасы 1 3000 млрд. теңгенің 174 жобасы Павлодар облысының үлесіне тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны