29.07.2008, 18:24 3119

Павлодар облысында ірі героин партиясын тасымақ болған ер адам ұсталды

Павлодар облысында ірі героин партиясын тасымақ болған ер адам ұсталды

Павлодар. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында ірі героин партиясын тасымақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы бүгін журналистерге Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі полиция майоры Жанар Біләлова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Күдікті дүйсенбі күні "Рубеж" бақылау-өткізу бекетінде ұсталған.

Ақсу қаласының 30 жастағы тұрғыны мотоциклмен облыстың Шарбақты ауданына бет алған. Оның жол сөмкесінен есірткіге ұқсас, салмағы 2 кг жуық зат табылған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ер адам есірткіні контрабандалық жолмен Қазақстан -Ресей шекарасынан өткізіп жібермек болған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Қазір есірткінің жеткізілу арнасы анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны