28.08.2009, 16:11 3209

Павлодар облысында медициналық мекемелердің 31 басшысы "Сыбайлас жемқорлық туралы" заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында медициналық мекемелердің 31 басшысы "Сыбайлас жемқорлық туралы" заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды

Астана. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Павлодар облысында медициналық мекемелердің 31 басшысы "Сыбайлас жемқорлық туралы" заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Павлодар облысының прокуратурасы азаматтардың денсаулығын сақтау заңнамасын қолдану, тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін қамтамасыз ету, сондай-ақ, дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтауға өткізілген мемлекеттік сатып алу заңдылығы мәселелері бойынша тексеру жүргізді.

Тексеру барысында уақытында жеткізу бойынша шаралар қабылдамау, мемлекеттік сатып алулар жүргізу, медициналық қалдықтарды іске жарату, медициналық жабдықпен және медициналық бұйымдармен жарақтандыру кезіндегі көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Осының ішінде көптеген заң бұзушылықтар сыбайлас жемқорлық сипатта.

Облыс прокуратурасы енгізген ұсынысты қарау нәтижесі бойынша 61 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 14 тамызда облыстың медициналық мекемелерінің 31 басшысы Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлық туралы" заңына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны