08.02.2008, 15:40 2854

Павлодар облысында полицейлер арнайы іс-шара жүргізу барысында алты есірткі сату дерегінің алдын алды

Павлодар облысында полицейлер арнайы іс-шара жүргізу барысында алты есірткі сату дерегінің алдын алды

Павлодар. 8-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында полицейлер арнайы іс-шара жүргізу барысында үш күн ішінде алты есірткі сату дерегінің алдын алды. Бұл туралы бүгін аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, есірткі сақтап және сатқан күдікті тұлғаларды ұстауға полицияның бірнеше бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Атап айтқанда, 7-ақпанда "Гулливер" сауда үйінде бір сауда орнының сатушысы ұсталып, тексеру барысында 46 граммға жуық героин тәркіленген. Жедел қызметкерлер 20 жасар қыздың есірткіні дүкен ғимаратында сатқандығын жоққа шығармайды. Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сонымен қатар облыс орталығының көп қабатты үйлерінің бірінен 27 жастағы жігіт қылмыс үстінде ұсталған. Тінту барысында полицейлер одан 600 дозаға жуық героин тапқан.

Сондай-ақ, 5-ақпанда Екібастұз қаласында жедел іс-шаралар жүргізу барысында полицейлер "Нарық" компаниясының 26 жастағы дәнекерлеушісін тұтқындаған. Жұсталған жігіттен жалпы салмағы үш граммға жуық апиын тәркіленді. "Есірткімен күресу полицейлер жұмысының басты бағыттарының бірі болып қала бермек және де бұл жерде тұрғындардың көмегі өте маңызды, сондықтан да павлодарлықтардың барлық күдік тудыратын деректер туралы сенім телефонына хабарлауларын сұраймыз",- деп атап өтті ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Белялова.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында шұғыл ақпараттардың көмегімен 24 есірткі сату дерегінің алдын алу мүмкін. Заңсыз айналымнан 1,5 килограмм әртүрлі есірткі заттары тәркіленген. 16 адам қылмыстық жауапқа тартылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны