01.03.2007, 13:43 3647

Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі боспалаушылық үшін қолға түсті

ПАВЛОДАР. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының ҰҚК қызметкерлері мен полицейлердің бірлесіп атқарған іс-шарасы барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі боспалаушылығы үшін қолға түсті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодар облысының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінен хабарлады.

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері - 25 және 26 жастағы екі жігіт - кәсіпкерден өз фирмасының кеңсесінде 1000 АҚШ долларын алу үстінде құрықталды. "Қылмыскерлер павлодарлық кәсіпкерден "тыныш өмір сүру үшін" 1000 АҚШ долларын және ай сайын 400 мың теңге төлеп тұруын талап еткен",- деп хабарлады ҰҚКД.

Павлодар облысындағы ең күшті ұйымдасқын қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға ҰҚКД қатар Жедел әрекет етуші арнаулы топ мен ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері тартылған. Сонымен қатар, арнаулы қызметтің ақпараттарына сүйенсек, құрықталғандарды тінту барысында олардан 3 грамм героин табылған.

Павлодар облыстық ҰҚК департаменті ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 181-бабының 2-тармағы "Боспалаушылық" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны