11.02.2008, 18:31 3074

Павлодар облысында "Жарнама туралы" заңы бойынша көптеген заң бұзұшылықтар анықталды

Павлодар облысында "Жарнама туралы" заңы бойынша көптеген заң бұзұшылықтар анықталды


Павлодар. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының территориясында прокуратура жүргізген тексерулер кезінде "Жарнама туралы" заңы бойынша көптеген заң бұзұшылықтарға жол берілгені анықталды . Бұл туралы журналистерге қадағалау органының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл заңда жарнама қызметі бойынша көптеген талаптар бар. Мәселен, ішімдік өнімдерінің жарнамасына, оған сыра да кіргізілген, темекі мен оның өнімдеріне тыйым салынған. Тексерулер көрсеткеніндей, көп жағдайда бұл талаптар орындалмайды", - деп атап өтті облыстық прокуратурада.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бірқатар азық-түлік дүкендерінің иелері түрлі темекі өнімдері мен ішімдіктердің плакаттарын керегеге іліп қояды. "Жарнама туралы" заңының баптарын орындамай, осындай заң бұзушылықтар үшін Баянауыл ауданының прокуратурасы жеке кәсіпкер, дүкен иесіне қатысты әкімшіліктік іс қозғады. Жуырда соттың шешімімен оған 81761 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Ішімдік және темекі өнімдерін жарнамалаған заң бұзушылықтар облыстың басқа қалалары мен аудандарында да анықталды", - деп атап өтті облыс прокуратурасының баспасөз хатшысы Светлана Фромм.

Тексеру кезінде сондай-ақ, лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне байланысты берілген жарнамалар бойынша да заң бұзушылықтар айқындалды, деп хабарлайды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. С. Фромм айтқанындай, мұндай қызмет түрлерінің жарнамасында "лицензияны берген орган және оның тіркеу номері көрсетілуі керек. Бұл талап тек радиоға берілген жарнамаға ғана таралмайды ".

"Лицензиялау қызметіне жататын мобилді ұялы телефон байланысының жарнасы барлықтардың көз алдында. Алайда бұл жарнамада да лицензияны берген орган және оның номері көрсетілмеген", -деп түсіндірді қадағалау органында. "Мұндай заң бұзушылықтар плакаттарда, транспарант және билбордта көрсетілген жарнамаларында кездесіп қана қоймай, жалпы көптеген бұқаралық ақпарат құралдарында жиі кездеседі".

С. Фромм ақпараты бойынша, прокуратура органдары бүгінгі күні 10 әкімшіліктің істі қозғаған. Тағы да бірнешеуі тексеріліп жатыр.

"Заң бұзушылықтарға жарнама берушілер, жарнама жасаушылар және жарнаманы таратушылар барады", - деді облыс прокуратурасының баспасөз хатшысы.

С. Фромм сөздері бойынша, прокуратура барлық заң бұзушылықтарды жауапқа тартуды көздемейді. "Біз жарнама берушілерден, жарнама жасаушылардан және жарнаманы таратушылардан өз қызметінде "Жарнама туралы" заңын орындауды талап етіп отырмыз. Оны орындамағандар қомақты мөлшерде айыппұл төлейтін болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны