23.10.2007, 18:17 3010

Павлодар облысында жергілікті қылмыстық топтың жетекшісі ретінде танымал адам ұсталды

Павлодар облысында жергілікті қылмыстық топтың жетекшісі ретінде танымал адам ұсталды

Павлодар. 23-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында жергілікті қылмыстық топтың жетекшісі ретінде танымал адам ұсталды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Кондрат Шаканов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, 17-қазанда құқық қорғау органына Павлодардың бір автотұрағының иесі, 54 жасар еркек өзін криминалдық ортада Басмач деген лақап атпен танымал адам ұлымен бірге соққығы жыққандығын айтып, жүгінген.

"Жәбірленушінің айтуынша, 16-қазан күні кешке көлік тұрағына тізгінін бір жас басқарған көлік келген. Көліктің иесі тұрғылықты қарауылдың тұрақтан кетуін сұрағаны үшін ашуланып, бір сағаттан кейін өзінің әкесі Басмаяпен бірге келген. Темір таяқтармен қаруланған әкесі мен ұлы тұрақтың иесін соққыға жыққан",- деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы.

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, көлік тұрағының иесі ауыр соққыға жығылған. Жәбірленушінің шағымынан кейін Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Павлодар облыстық 10-басқармасының қызметкерлері Басмач пен оның 23 жасар ұлын құрықтап, қамауға алған. Оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 257-бабының 2-тармағы бойынша (алдын ала ымыраласу арқылы топтың жасаған бұзақылығы) айып тағылуда. Оның ұлы қаладан шықпай туралы қолхатпен босатылып, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін құқық қорғау органдары полцияның дәлелдерін ескере отырып, уақытша тергеу изоляторынан тергеу изоляторына ауыстырған, ол онда сотқа дейін жататын болады.

"Біз қазір Басмачтың мойнында қанша қылмыстың тұрғанын әзірге білмейміз, себебі нақты дәлелдер жоқ, бірақ тергеу жүріп жатыр, тергеу ұсталғанның кінәсінің дәрежесін анықтайтын болады, ал ұйым қылмыстық топ құруға қатысты тоқталатын болсақ, негізді деректер келтіре отырып, дәлелдеу қажет. Бізде мұндай дәлелдер әзірге жоқ",- деп атап көрсетті К. Шаканов.

"Қазіргі уақытта жәбірленуші мен оқиға куәгерлері күзетке алынған, Басмачтың қауіпті бизенсі бойынша "серіктестері" жәбірленушіден өш алу үшін қорқытқан жоқ",- деп атап өтті К. Шаканов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны