03.07.2012, 12:00 3326

Павлодар облысындағы жаңа зауыт қазақстандағы темір жолдардың сұранысын қамтамасыз етеді

"Бүгін бұру бағыттамалары мен темір жол дөңгелектерін өңдейтін бірегей зауыттың алғашқы кезегі іске қосылады. Инновациялық технологияны қолдану әлемдік деңгейдегі өнім өндіруге мүмкіндік береді. Зауыттың қуаты Қазақстан темір жолын ғана емес, сонымен қатар Орта Азия республикаларының сұранысын да қанағаттандыруға жетеді", - дейді "Проммашкомплект" ЖШС бас директоры Александр Леонец.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін телекөпір барысында Павлодар облысында "Проммашкомплект" ЖШС бұру бағыттамалары мен темір жол дөңгелектерін өңдеу зауытының алғашқы кезегі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгін бұру бағыттамалары мен темір жол дөңгелектерін өңдейтін бірегей зауыттың алғашқы кезегі іске қосылады. Инновациялық технологияны қолдану әлемдік деңгейдегі өнім өндіруге мүмкіндік береді. Зауыттың қуаты Қазақстан темір жолын ғана емес, сонымен қатар Орта Азия республикаларының сұранысын да қанағаттандыруға жетеді", - дейді "Проммашкомплект" ЖШС бас директоры Александр Леонец.

Сонымен қатар, ос ы жаңа зауыттың ашалуымен 400 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Телекөпір барысында ҚР Президенті бұру бағыттамалары мен темір жол дөңгелектерін өңдеу зауытының алғашқы кезегін іске қосуға рұқсат берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны