06.06.2014, 23:10 2865

Павлодар облысының әкімі ТКШ жаңғырту бағдарламасын белсенді жүргізуді тапсырды

Павлодар облысында бағдарлама шеңберінде 2011-2013 жылдар аралығында көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 151 млн. теңге бөлінді. Осы күнге дейін 125 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы 35 тұрғын үйді ретке келтіру көзделген.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. Келелі кеңесте Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын белсенді жүргізуді тапсырды.

Павлодар облысында бағдарлама шеңберінде 2011-2013 жылдар аралығында көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 151 млн. теңге бөлінді. Осы күнге дейін 125 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы 35 тұрғын үйді ретке келтіру көзделген.

Бұдан басқа, аймақта жылу жүйесін жаңғырту жұмыстары жүруде. Бұл бағытта 2011-2013 жылдар аралығында 2 810,5 млн. теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда 48 шақырым желі жөнге келтірілді.

Үстіміздегі жылы бағдарлама бойынша Ақсу қаласының 9 шақырым жылу желісін 560,5 млн. теңгеге қалпына келтіру жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны