19.05.2010, 15:07 2979

Павлодар облысының ІІД қызметкерлері жинақталған дәлелдемелермен 30 пәтер ұрлығын жасағаны әшкереленген азаматты қамауға алды

Павлодар облысының ІІД қызметкерлері жинақталған дәлелдемелермен 30 пәтер ұрлығын жасағаны әшкереленген азаматты қамауға алды

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Павлодар облысының ІІД қызметкерлері жинақталған дәлелдемелермен 30 пәтер ұрлығын жасағаны әшкереленген азаматты қамауға алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "азаматтардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және пәтер ұрлықтарына байланысты жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында мүдделі қызметтерді барынша жұмылдыра отырып, 12-16 мамырда кең ауқымды "Пәтер" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді".

ІІМ мәліметінше, "операция кезеңінде 274 пәтер ұрлығы жасалды, оның 244-і "ізі суымай" ашылды. Оларды жасағаны үшін 421 күдікті ұсталды, 5-і басқа жақтардан келген ұрылар, бұрын 277 пәтер ұрлығын, оның ішінде 52-сі "өткен жылдардағы" санатындағы ұрлықтарды жасағаны әшкереленген 17 қылмыстық топ залалсыздандырылды".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, пәтер ұрлықтарын жасағаны үшін іздестіруде болған 22 қылмыскер ұсталды.

"Павлодар облысының ІІД қызметкерлері 12 мамырда жинақталған дәлелдемелермен 30 пәтер ұрлығын жасағаны әшкереленген "М" есімді азаматты қамауға алды. Атырау қаласында 12 мамырда есіктердің құлпын бұзу арқылы 17 пәтер ұрлығын жасаудағы кінәсі дәлелденген Қызылорда облысының үш тұрғыны ұсталып, УҰИ-ға жабылды. 13 мамырда Петропавловск қаласында тергеу қамауына алынған "Т"-ның үш пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар екені дәлелденді.

Батыс Қазақстан облысының ІІД жедел қызметкерлері қырық жастағы азамат "К"-ны ұстап, қамауға алды, ол бұлтартпас дәлелдермен өткен жылдың 18 қарашасында Орал қаласының тұрғыны "Р"-дың пәтерінен ұрлық жасағанын мойындады, пәтерден жалпы сомасы 500 мың теңгенің тұрмыстық техникасын, аудио және бейнетехника ұрлаған. Ұрланған заттардың бір бөлігі алынды.

14 мамырда Жамбыл облысының ІІД 1987 жылы туған С.Асқаровты ұстады, ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Жамбыл қаласында С.Мақұлбекованың пәтеріне оның ұрлық жасағаны әшкереленді. Алматы облысының ІІД қызметкерлері ағымдағы жылдың сәуір айынан бері пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздестіруде жүрген Талғар қаласының "Т" деген азаматын ұстады. Маңғыстау облысының ІІД қызметкерлері ағымдағы жылы қаңтар айында Өскемен қаласында ұрлық жасағаны үшін Шығыс Қазақстан облысының ІІД іздеу жариялаған 1991 жылы туған азаматты ұстады. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, сондай-ақ қылмыстық істерді сотқа жіберу және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қажетті жұмыс жүргізілуде",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны