11.10.2007, 18:58 3146

Павлодар полициясы қалада кісі өлтіргіш маньяк пайда болды деген қауесетті жоққа шығаруда

Павлодар полициясы қалада кісі өлтіргіш маньяк пайда болды деген қауесетті жоққа шығаруда.

Павлодар. 11-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар полициясы халық арасында таралған "қалада кісі өлтіргіш маньяк пайда болды", деген қауесетті жоққа шығаруда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ешқандай да маньяк жоқ, болған да емес. Біз қала тұрғындарын дақпырт сөзге сенбеуін, алаңдамауларын өтінеміз", - деді бүгін баспасөз мәслихатында Павлодар Ішкі істер органының Оңтүстік бөлімінің басшысы, полиция майоры Талғат Арынов.

"Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі хабарлағандай, соңғы күндері Павлодарда қылмыскерлер құрбанына әйелдер мен кішкентай қыз іліккен бірнеше қылмыс тіркелген. Соңғы оқиғада белгісіз біреу мектептен үйіне қайтып келе жатқан 7 жастағы қыздың мойнына пышақ сұғып алған. Қылмыскер қызды үйдің кіреберісінде кездестірген және пышақтамас бұрын балмұздақ берген. Бірінші сынып оқушысы талықсыған қалпында облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне жеткізілген.

Талғат Арынов хабарлағандай, жақында аталмыш қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жедел қызметкерлер 27 жасар Павлодар тұрғынын тұтқындады. "Ол қазір өз кінәсін мойындады. Алайда, қызды не үшін пышақтағанын түсіндіріп бере алмады", - деді полиция майоры. Ол сондай-ақ, бұл адамды анықтауға бейнеробот көмектескенін жеткізді.

"Қыз есін жиған соң шабуыл жасаған ер адамның бет-әлпетін айтып берді", - деді полиция қызметкері. Ол қазіргі кезде күдіктіге қатысты психиатриялық сараптама жүргізіліп жатқанын айтты. "Бізге белгілісі жас жігіт бұдан бұрын психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрмағандығы", - деп хабарлады Павлодар Ішкі істер органының Оңтүстік бөлімінің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта тұтқынның саусақ таңбалары арқылы бұдан бұрын облыс аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны