16.10.2007, 19:07 2994

Павлодар прокуратурасы борышкерлерден 52 млн теңге өндіріп алған

Павлодар прокуратурасы борышкерлерден 52 млн теңге өндіріп алған.

Павлодар. 16-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар прокуратурасы 9 ай ішінде борышкерлерден 52 млн теңге, соның ішінде мемлекеттік бюджетке 6 млн 773 мың теңге мәжбүрлі өндіріп алды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қадағалау органының баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Павлодардың прокуратурасы 9 ай ішінде атқару өндірісіне қатысты процесс бойынша азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің конституциялық құқықтарын сақтауды қадағалауда, атқарушы органдар мен лауазымды тұлғалардың заңды нақты қолдануын қадағалауда 227 тексеру жүргізген.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурордың 79 нұсқауы орындалып, 29 ұсынысы қаралған. Сонымен қатар, 8 адам тәртіптік жауапқа тартылса, 5 адам әкімшілік жауапқа тартылған, деп атап өті баспасөз қызметіндегілер.

3 қылмыстық іс қозғалып, 2 тұлға қылмыстық жауапқа тартылған. Қазіргі уақытта мемлекет пайдасына 30 млн 334 мың теңге аударылған, ал өткен жылғы осы кезеңде мемлекет пайдасына 5 млн 618 мың теңге қайтарылған болатын.

"Сот атқарушыларының әрекетсіздігі борышкерлердің заңды күшіне енген сот актілерін орындаудан жалтаруға мүмкіндік берген, ал бұл өз кезегінде мемлекет мүддесінің бұзылуына әкеп соқтырып отыр",- деп атап көрсетті қадағалау органының баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны