18.09.2006, 14:34 2814

Павлодар прокуратурасы полиция бөлімшелерінде 300-ден астам қылмыстық істердің жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғады

ПАВЛОДАР. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Павлодар облыстық прокуратурасы полиция бөлімшелерінде 300-ден астам қылмыстық істердің жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Облыстық прокуратураның ақпаратына сәйкес, қылмыстық істердің жоғалу дерегі Павлодардғы Оңтүстік және Солтүстік ішкі істер бөлімдерін, сондай-ақ, Екібастұз өңірі ІІБ-ін жоспарлы тексеру барысында анықталған. "Біз 300-ден астам қылмыстық істі таппадық. Олардың арасында 8 -і аса ауыр қылмыстарға, атап айтсақ, кісі өліміне қатысты істер",- дейді қадағалаушы органдағылар.

Прокурорлардың ақпаратына сәйкес, өткен ғасырдың 60-шы жылдарына бастап қазірге дейінгі полиция құжаттары тексеру аясына қамтылған. Жоғалып кеткен қылмыстық істердің басым бөлігі 90-шы жалдарға қатысты. Сол сәтте олар таратылған мемлекеттік тергеу комитетінен ІІБ-ның қарамағына өтті.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің "немққұрайдылық" жөніндегі 316-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. "Кінәлілерді табу өте қиын. Өйткені сол кездегі полицияның жауапты қызметкерлерінің басым бөлігі қазір мекемеде жұмыс істемейді. Қазір жоғалған қылмыстық істерді бақылау-қадағалау құжаттарының негізінде қалпына келтіруге шаралар қолданылуда",- дейді ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны