09.07.2009, 16:21 2695

Павлодар прокуратурасы жер заңнамасын бұзу оқиғаларын анықтады

Павлодар прокуратурасы жер заңнамасын бұзу оқиғаларын анықтады

Астана. 9 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар прокуратурасы жер заңнамасын бұзу оқиғаларын анықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Павлодар прокуратурасына осы жылдың маусым айында қаланың ауылдық аймағындағы Ленинский кентінің тұрғындарынан кент әкімінің жер телімдерін таратудағы іс-әрекеттеріне байланысты ұжамдық шағымы келіп түскен.

"Тексерулердің нәтижесінде азаматтардың жер телімдерін бөлу жөніндегі өтініштерін дер кезінде қарамау, жер телімдерін берудің қазіргі жер заңнамасымен белгіленген тәртіптерін бұзу секілді көптеген заң бұзушылықтардың беті ашылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, ҚР Жер кодескінің 43-ші бабын бұза отырып, 2006 жылдан бері түскен азаматтардың 987 өтінішінің тек 48-і ғана тиісті тәртіппен қаралған.

Кентті дамыту және онда құрылыстар салу жөніндегі нобай өткен жылдың қыркүйек айында дайындалған. Соған сәйкес жеке баспаналар тұрғызылатын жер телімдерінің орналасатын жерлері нақты бөлініп көрсетілген.

"Жеке баспана тұрғызуға жер телімдеріне құқық беру ережелеріне сәйкес, жергілікті атқарушы билік органы жеке баспаналарды тұрғызуға дайындалған алаңдар болған жағдайда азаматтардың тізімін жасап, оны қалалық жер комиссиясының отырысына жібереді", - деп түсіндіреді баспасөз қызметі.

Алайда аталған ережені бұзған кент әкімі 2008 жылдың қыркүйек айынан бері комиссияның қарауына бір де тізім жібермеген.

"Бұнымен шектелмей, жер және кадастр ісін тексерулер барысында анықталғанындай, өткен жылдың қараша айында өтінішпен келіп, 738 деген нөмірмен есепке алынған бір азаматқа желтоқсан айында кент әкімінің шешімімен жеке баспана тұрғызуға және жеке қосалқы шаруашылықпен айналысуға деп 0,15 гектар аумағы бар жер телімі берілген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Прокуратураның мәліметінше, осындай жолмен, кезекті айналып өту арқылы тағы 13 азаматқа жер телімдері берілген.

Бұған қоса, бір жағдайда жер телімін беру туралы шешім жер комиссиясының тиісті шешімі шығарылардан 4 күн бұрын берілген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қалалық прокуратураның тексерулерінің қорытындысы бойынша, Павлодар қаласының әкімі мен облыстық тәртіптік кеңестің төрағасының атына аталған заң бұзушылықтарды жою және кінәлі адамдарға тәртіптік сипаттағы шаралар қолдану жөнінде таныстыру енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны