01.04.2008, 17:31 3222

Павлодар прокурорлары монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін екі миллион теңге айыппұл төлеттірді

Павлодар прокурорлары монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін екі миллион теңге айыппұл төлеттірді

Павлодар. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар прокурорлары монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін "Энергоцентр" компаниясына екі миллион теңге айыппұл төлеттірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық қадағалау органының баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Облыстық прокуратура мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың қаңтар айында прокуратураға қала маңындағы Ленинский ауылының тұрғындарынан оларды жарықтан заңсыз айыруына байланысты ұжымдық шағым келіп түскен.

"Тексеру барысында "Энергоцентр" АҚ бұқаралық келісім жасаудан және оны орындаудан жалтарып отырғаны анықталды. Олар Ленинский ауылының тұтынушы тұрғындарын өздеріне пайдасыз шарттармен энергиямен қамтамасыз етудің жеке келісімшартын жасауға мәжбүрлеген. Павлодар прокуратурасы "Энергоцентр" АҚ атына заң бұзылу оқиғаларын болдырмау туралы бұйрық шығарған", - деп атап көрсетті қадағалау органының баспасөз қызметі.

Кейіннен 2007 жылдың ақпан айында прокурорлық қадағалаудың аталмыш актісінің орындалуын тексеру нәтижесі бойынша "Энергоцентр" АҚ қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған. Монополисті екі миллион теңге көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттеді.

Алайда, бұның орынына, баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, монополист сот арқылы бұл шешімнің күшін жоюға тырысқан және айыппұл төлеудің уақытын барынша созып келген. Үстіміздегі жылдың 13 ақпанында Павлодардың арнайы мамандандырылған әкімшілік сотына қаулыны күшпен орындау және "Энергоцентр" АҚ айыппұл өндіріп алу туралы арыз келіп түскен.

Сот қаулысы негізінде Павлодар аумақтық сот орындаушылары іс қозғаған. Іс айрықша бақылауға алынған.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде биыл 17 наурызда "Энергоцентр" әкімшілік айыппұлды толық көлемде өтеді", - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны