21.05.2008, 10:45 1441

Павлодар тұрғындары "Калмыковтар" ҰҚТ жетекшісіне қарсы іс сотқа дейін жетпеуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр

Павлодар тұрғындары "Калмыковтар" ҰҚТ жетекшісіне қарсы іс сотқа дейін жетпеуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр

Павлодар. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардың полиция қызметін қадағалайтын қоғамдық кеңесінің өкілдері "Калмыковтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісіне қарсы іс сотқа дейін жетпеуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл туралы олар Павлодарда өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз "Калмыковтар" тобы бойынша қылмыстық істің тергелуіне байланысты Екібастұз тұрғындары тартып отырған алаңдаушылықты қоғам ой-пікіріне дейін жеткізгіміз келеді", - деп атап көрсетті қоғамдық кеңестің мүшесі, өңірлік журналистиканы қолдау орталығының жетекшісі Асқар Шөмшеков.

Баспасөз мәслихатында Екібастұз қаласының ішкі істер бөлімінің ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімшесінің шұғыл уәкілетті қызметкерлерінің бірінің анасы Нәбирә Сескембаеваның ел президенті мен "Нұр Отан" партиясына жазған хаты оқылды. Онда кейуана оның ұлы Нұрлан Сескембаев және оның әріптесі Арғын Алтынбеков Екібастұз қаласының прокуратурасы тарапынан қуғынға және баспасөз беттерінде орынсыз шабуылдарға ұшырап отырғанын жазады. Ондағы мақсат - "Калмыковтар" тобының тұтқындалған мүшелерін қылмыстық жауапкершіліктен босату жолында тергеуге психологиялық қысым көрсету.

Екібастұзға барған сапар және тұрғындармен болған әңгіме нәтижесінде қоғамдық кеңес мүшелері Сескембаеваның хатында көрсетілген оқиғалар шын болғанын болжауға негіз табылды.

"Екібастұз тұрғындары "Калмыковтар" бостандыққа шығуы мүмкін деген ойдан қорқыныш пен үмітсіздік жаулап алғанын айтуда", - деп атап көрсетті қоғамдық кеңес мүшесі, "Қылмыстық реформа мен адам құқықтарын мониторингтен өткізу жөніндегі комитет" қорының төрайымы Светлана Ковлягина.

"Біз бұл қауіптерді дәлелдей немесе жоққа шығара алмаймыз. Алайда, қоғамдық кеңес тергеу барысын мұқият қадағалайтын болады және облыс тұрғындарын оның қалай өтіп жатқаны жайлы құлағдар етіп отырады. Қоғамдық кеңес осы істегі барынша ашықтылықты қамтамасыз етуге тырысады", - деп атап көрсетті кеңес мүшелері.

Бұдан бұрын Екібастұз тұрғындарының бір тобының арызына сілтеме жасай отырып хабарлағанымыздай, қалада ірі бизнесі бар ықпалды адамдар ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісін босатып алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға қысым көрсетуде деген ақпарат қала тұрғындарына мәлім болған.

"Екібастұзда "Калмыковтар" тобының немен айналысқанын кез келген адам біледі. Олардың өз қылмыстарын қандай қатігездікпен жасағаны белгілі", - деп мәлімдеді тұрғындар журналистерге ол адамдардың бәрін қорқынышта ұстағанын хабарлай келе.

"Екібастұз Павлодар емес, Астана емес. Бұл өте кішкентай қала. Біз озбырлықтың тоқталғанына, ал кінәлілердің лайықты жазаға тартылғандарына қол жеткізгілеріміз келеді", - дейді олар.

Ішкі істер департаментінің ақпаратына сүйенсек, Калмык атты лақап атпен жүретін "Калмыковтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының 25 жастағы жетекшісі биылғы жылдың 14 наурызында Павлодар облысының ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен Қазақстан Республикасының Павлодар облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші басқармасының қызметкерлерінің бірлескен операциясы барысында қамауға алынған. Тұтқындау барысында күдіктіден салмағы 2 грамм героин табылды. Оған қатысты есірткіні заңсыз сатып алғаны және сақтағаны, сондай-ақ, алаяқтығы үшін қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топ жетекшісі қолға түскен соң бірнеше күн өткеннен кейін Екібастұзда "Калмыковтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының екі белсенді мүшесі тұтқындалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны