30.11.2009, 16:40 6031

Павлодар тұрғынынан 1 кг 314 грамм героин табылып тәркіленді

Павлодар тұрғынынан 1 кг 314 грамм героин табылып тәркіленді

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Павлодар тұрғынынан 1 кг 314 грамм героин табылып тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"25 қарашада Павлодар қаласындағы Павлов көшесінде қала тұрғыны басқарған Газель автомашинасы ұсталып, оның салонынан 50 грамм героин табылып, тәркіленді. Жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталған адамның тұрғылықты мекенжайынан тағы да 1 кг 314 грамм героин табылды",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, апта ішінде 1851 қылмыс жасалып, оның ішінде 1403 қылмыс "ізі суымай" ашылды, сондай-ақ бұрын жасалған 368 қылмыс анықталды. Сонымен қатар 156 күдікті қылмыскер қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп, 6 атыс қаруы алынды. 137 есірткі қылмысы, оның ішінде 45 есірткі сату фактісі анықталды. 40 кг астам есірткі, оның ішінде 1 кг 450 гр героин тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны