29.05.2007, 16:38 2915

Павлодарда абақты аумағына героиннің 54 дозасын өткізбек болған Ресей азаматы құрықталды

ПАВЛОДАР. 29 - мамыр. Kazakhstan Today. Павлодарда абақты аумағына героиннің 54 дозасын өткізбек болған Ресей азаматы құрықталды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы Болат Нұрсейітов хабарлады.

"Ресей азаматы АП-162/4 түзету мекемесінің қоршауынан есірткі заты - героин оралған алты орамды өткізбек болған кезде қылмыс үстінде құрықталды",- деп хабарлады Б. Нұрсейітов. Оның айтуынша, тауар сотталғандардың біріне арналған.

Полициядан хабарлағандай, есірткі сатушы Алтай өңірінің Михайловск ауданының тұрғыны, 20 жасар Ресей азаматы. Павлодарлық жедел қызметкерлер өздерінің ресейлік әріптестеріне ұсталғанға қатысты сұрау жіберді.

"Тәркіленген героиннің жалпы салмағы 27,8 грамм, немесе 54 дозаны құрайды",- деп нақтылап өтті облыстық ішкі істер департаментіндегілер. Ресей азаматының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойынша (ірі көлемдегі есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз әзірлеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату) қылмыстық іс қозғалды. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, егер ұсталғанның кінәсі дәлелденсе, екі мемлекеттік арасындағы келісім бойынша ол өз жазасын Қазақстан аумағында өтейді.

Павлодар облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Жанна Белялованың хабарлауынша, бұл павлодарлық түзету мекемесінің аумағына героин өткізбек болған есірткі сатушылардың ұсталуының төртінші дерегі. Жедел ақпараттарға сүйенсек, 18-мамырда 162/4 абақтысында полицейлер 24 жасар павлодарлықты қылмыс үстінде ұстаған. Одан 25,3 грамм героин тәркіленген. Бір күннен кейін, 19-мамырда уақытша тергеу изоляторына 23 жасар жергілікті тұрғын жеткізілген. Ол АП-162/2 түзету мекемесінің қоршауы арқылы 1,5 грамм героин өткізбек болған. 22-мамырда осы тектес тағы бір деректің алдын алған. 20 жасар павлодарлық 162/1 абақтысыныңдағы сотталушыларға бес доза ауыр есірткі өткізбек болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны