23.07.2008, 10:08 1089

Павлодарда болған өрттен кейін мүрделері табылған үш адамнан тұратын отбасы кісі қолынан өлген - Мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің тергеушілері

Павлодарда болған өрттен кейін мүрделері табылған үш адамнан тұратын отбасы кісі қолынан өлген - Мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің тергеушілері

Павлодар. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда болған өрттен кейін мүрделері табылған үш адамнан тұратын отбасы кісі қолынан өлген. Бұл туралы кеше журналистерге Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі департаментінің тергеу бөлімінен мәлім хабарланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Адамдардың денелерінен тілінген, кесілген жарақаттар табылды. Бұл олардың өлтірілгенінен және іздерін жасыру үшін үйдің өртелгенінен хабар береді", - деп атап көрсетті Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі. Тергеушілердің айтуынша, қазіргі уақытта қайтыс болған отбасының мүрделері сот-медициналық сараптамада жатыр. Басқа да криминалистикалық тексерулер жүргізілуде. Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғау жөніндегі мәселе шешілу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны