18.04.2012, 12:05 3700

Павлодарда дәрігерлер бала өлімі үшін 300 мың теңге төлеуге міндеттелді

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, сот жас босанушы әйелдің арызын жартылай қанағаттандырды. В.Леонтьеваның өкілдері моральдік шығынын өтету үшін 7 млн. теңге талап еткен болатын, алайда сот медицина қызметкерлеріне 300 мың теңге көлемінде айыппұл салу жөнінде үкім шығарды.

Павлодар. 18-сәуір. Kazakhstan Today - Павлодарда дәрігерлер бала өлімі үшін 300 мың теңге төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Павлодар сотының шешімімен №4 қалалық емхана дәрігерлері 17 жасар Вероника Леонтьеваға жатырындағы баласын өлтіріп алған үшін 300 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, сот жас босанушы әйелдің арызын жартылай қанағаттандырды. В.Леонтьеваның өкілдері моральдік шығынын өтету үшін 7 млн. теңге талап еткен болатын, алайда сот медицина қызметкерлеріне 300 мың теңге көлемінде айыппұл салу жөнінде үкім шығарды.

В.Леонтьеваның айтуына қарағанда, босанар алдында ол өзін нашар сезініп, дәрігерлерден өзін ауруханаға жатқызуларын өтінген. Алайда белгісіз себептерге байланысты ақ халатты абзал жандар оның өтінішін елеусіз қалдырыпты. Нәтижесінде сәби өлі болып туды.

Облыстық Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті мамандарының шығарған қорытындысы бойынша, №4 емхана персоналы бірқатар қателіктерге бой алдырған. Атап айтқанда, дәрігерлерге босанушы жас қызға дұрыс қарамағандықтары жөнінде кінә тағылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны