22.05.2008, 15:06 3207

Павлодарда Екібастұз қаласының бұрынғы әкімін өлтіруге қатысы бар күдікті ұсталды

Павлодарда Екібастұз қаласының бұрынғы әкімін өлтіруге қатысы бар күдікті ұсталды

Павлодар. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Рамазан Жұмтаевты өлтіруге қатысы бар күдікті ұсталды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте облыстық ІІД-нің бастығы, генерал-майор Қанат Түксаитов хабарлады.

"Кеше біз 23 сағат 50 минутта осы қылмысқа қатысы бар бір адамды ұстадық. Қазір іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз. Ұсталған адам - қылмыс орнынан қашып кеткен көліктің жүргізушісі", - деді ІІД-нің бастығы.

Оның айтуынша, қазір онымен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. "Audi B4" маркалы автокөлік Екібастұз қаласының бұрынғы әкімін атып өлтірген ауданнан екі квартал жерден, 1 Мамыр мен Лермонтов көшелерінің қиылысынан табылған.

"Көлік айыппұл тұрағында тұр. Ол өңделіп, қол саусақтарының ізі бар дактопленкалар алынды", - деді Қ. Түксаитов. Ол Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Жұматаевты өлтірген кезде сол маңнан өтіп бара жатқан кездейсоқ жүргінші әйел жарақаттанды деген кейбір БАҚ-тар таратқан ақпаратты жоққа шығарды.

"Жүргіншілерден ешкім зардап шеккен жоқ, ешкім жараланған жоқ. Қаза тапқан бұрынғы әкімнен басқа құрбан болған ешкім жоқ", -деді Түксаитов. Оның айтуынша, қылмыскер автоматтан атқан. "Қазір бізде гильзалар мен бір оқ бар. Олар ІІМ-не баллистикалық сараптамаға жіберілді", - деді департамент төрағасы.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 58 жастағы Р. Жұматаев 21 мамырда сағат 12.55-те Павлодар қаласының орталығындағы "Асыл" базарының аумағынан шығып, өзінің "Тойота Ланд Крузер" көлігіне отырып жатқан кезде болған. Сол кезде белгісіз адам оған автомат оғын жаудырған. Р. Жұматаев оқиға орнында қайтыс болды.

Қылмыс орнынан оперативтік қызметкерлер 7 гильза тапты: 4-і көліктің жанында, 3-і сол маңдағы тұраққа тауя жерден табылған. "Біздің мәліметімізше, қылмыскер өз құрбанын автокөліктің екінші жағында тосып тұрған. Екібастұз қаласының бұрынғы әкімінің арқасынан атқан", - деді тергеушілер.

Қылмыскерді табу үшін дабылмен қала полициясының барлық бөлімшелері түгел аяғынан тұрғызылды. Қалада "Құрықтау" жоспары енгізілді, қаладан шыға беріс жолдар төтенше бақылауға алынды. Екібастұздың бұрынғы әкімі Рамазан Жұматаевтың өлімі тапсырыспен жасалуы мүмкін екенін құқық қорғау органдары жоққа шығармайды.

Қайтыс болған Р. Жұматаев 1993 жыл мен 1995 жылдар аралығында Екібастұз қаласының әкімі болған. Кейінгі кездері ол бизнеспен белсене айналысқан, сауда және құрылыс саласында маманданған бірнеше ірі компанияның қожайыны және тең құрылтайшысы болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны