28.07.2008, 15:06 2526

Павлодарда есірткі өндіретін зертхананың іс-қызметіне тосқауыл қойылды

Павлодарда есірткі өндіретін зертхананың іс-қызметіне тосқауыл қойылды

Алматы. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда 25 шілдеде есірткі саудасымен күрес жөніндегі арнаулы бөлімшенің қызметкерлері есірткі өндіретін зертхананың іс-қызметіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасырын зертханада есірткіге тәуелділер арасында "Винт" деген атауға ие болған затты (психотроптық "Метамфетомин" және "Первитин заттары) жасап келген.

Плицияның мәліметінше, Павлодар қаласының 39 жастағы тұрғыны есірткі жасап жатқан сәтте құрықталды.

Пәтердегі тінту барысында есірткілік затты жасауда қолданылатын препараттар мен құралдар, сондай-ақ, сұйықтық табылды. Сараптама нәтижесі оның "Метамфетомин" және "Первитин заттары екенін анықтады. Бұл заттар Қазақстан аумағында есірткілік зат ретінде бақылауға жататын заттардың тізімінде.

Ұсталғанды қамауға алыға шешім қабылданды, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны