25.12.2008, 16:41 2979

Павлодарда есірткі жасайтын зертхана құрып алған химикке үкім шығарылды

Павлодарда есірткі жасайтын зертхана құрып алған химикке үкім шығарылды

Павлодар. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда өз пәтерінде синтетикалық есірткілік зат жасайтын зертхана құрып алған химикке үкім шығарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қылмыстық іс Павлодар қалалық №2 сотында қаралды. Жергілікті 40 жастағы тұрғын Игорь Рыжковқа белгілі ортада "винт" деген атаумен белгілі синтетикалық есірткілік затты жасады деген айып тағылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Барлық іс материалдарын қараған судья Лилия Клименко үкімді жария етті. Соттың шешімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы (есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату сақсатымен заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, сақтау), сондай-ақ, 261-бабының 2-тармағы (есірткі тұтынуға көндіру) бойынша айыпты деп танылып, қатаң тәртіпті абақтыда жазасын өтеумен 10,5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Есірткі жасайтын зертхананың қожайынының мамандығы химик болған. Синтетикалық есірткіні жасап шығару үшін ас содасы, йод, қызыл фосфор, теофедрин, тұз қышқылы және тіпті қарапайым жанармай секілді заттарды пайдаланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны