26.05.2010, 15:45 3234

Павлодарда Қарағанды қаласының тұрғынынан 2 млн 350 мың теңге ақша ұрлаған жалған тәртіп сақшысы ұсталды

Павлодарда Қарағанды қаласының тұрғынынан 2 млн 350 мың теңге ақша ұрлаған жалған тәртіп сақшысы ұсталды

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Павлодарда Қарағанды қаласының тұрғынынан 2 млн 350 мың теңге ақша ұрлаған жалған тәртіп сақшысы ұсталды.

Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Павлодар қаласында облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік бөлінісінің қызметкерлері өткен аптада арнайы операция жүргізу барысында Тараз қаласының 2 тұрғынын ұстады. Олардың бірі өзін ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, Павлодар және Қарағанды қалаларының тұрғындарына қатысты бірқатар алаяқтық жасаған",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, ұсталғанның бірі майор атағындағы полиция қызметкерінің формасын киген және онда полиция қызметкерінің қолдан жасалған куәлігі болған. Екіншісі өзін Семей қаласының тұрғыны ретінде таныстырған.

"Бүгінде белгілі болғанындай, ұсталғандардың бірі Павлодар қаласында жергілікті тұрғынды алдап, оның "Нисан-Максима" автомашинасын иемденіп кеткен. Содан кейін көлікті 2 500 АҚШ долларына сатып, ақшасын қалтасына басқан. Сонымен қатар ол қаланың тағы бір тұрғынына өзін Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, жүргізуші куәлігін қалпына келтіру бойынша жалған қызметтер ұсынған. Ол үшін 75 000 мың теңге ақша алған. Сонымен бірге ол ағымдағы жылғы 9 наурызда полиция қызметкерінің қолдан жасалған қызметтік куәлігін пайдаланып, Қарағанды қаласының тұрғынынан 2 млн 350 мың теңге ақша ұрлағаны үшін күдікті болып отыр",- деді ІІМ өкілі.

"Бұл "жалған полицейді" Алматы қаласының ІІД алаяқтық жасағаны үшін өткен жылдың қазан айында іздестіруге жариялағаны анықталып отыр. Ал оның сыбайласы Жамбыл облысында бұзақылық жасағаны үшін осы жылдың ақпан айынан бастап мемлекетаралық іздестіруде болған. Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына әзірлеме жүргізілуде",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны