09.07.2014, 22:46 2913

Павлодарда қаржы полициясы "Ашық есік күндерін" өткізді

Департаментке көптеген тұрғындар заңды тұлғалар тарапынан жасалатын алаяқтық пен жемқорлық туралы сұрай келді. Соның ішінде қаржы пирамидасы мәселесінен айналып өтпеді.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Павлодарда қала тұрғындары үшін облыстың Қаржы полициясы департаменті "Ашық есік күндерін" өткізді.

Департаментке көптеген тұрғындар заңды тұлғалар тарапынан жасалатын алаяқтық пен жемқорлық туралы сұрай келді. Соның ішінде қаржы пирамидасы мәселесінен айналып өтпеді.

Шара барысында экономикалық, қаржылық және жемқорлық қылмыстары бойынша бөлім басшылары азаматтардың қойған барлық сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Қарпол.

Сонымен қатар департамент қызметкерлері шараға қатысушылардың барлығына жемқорлық қылмыстарын тергеу мен ашу басқармалары қызметкерлерінің телефон номерлері көрсетілген визитті карталарын таратты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны