08.02.2011, 17:18 3672

Павлодарда облыстық қазыналық департаментінің бастығы 300 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынды

Павлодарда облыстық қазыналық департаментінің бастығы 300 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - ақпан. Kazakhstan Today - Павлодарда облыстық қазыналық департаментінің бастығы 300 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Павлодарда қаржылық жанжал шықты. Облыстық қазыналық департаментінің бастығы тұтқындалған. Одан 300 млн теңге жымқырды деп күдіктенуде.

Атап айтқанда, мекемеде "аты бар да, заты жоқ" адамдар жұмыс істеген. Олардың орнына департамент жетекшісі жалақы алып отырыпты.

Қаржы полицейлерi 20-дан астам "жалған" қызметкерді анықтаған. Департамент басшысынан басқа оның екі орынбасары және кадр бөлімінің бастығы да құрықталды.

Қылмыстық схема тоғыз жыл бойы жұмыс істеген. Ал ағымдағы қазыналық департаментінің бастығы бұл лауазымда тек екі жыл отырған. Енді полицейлер ұрлыққа қатысы бар қаржылық ведомстваның барлық бұрынғы басшыларын тексеруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны