30.11.2006, 14:58 6230

Павлодарда өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша республикалық жарыстар басталды

ПАВЛОДАР. 30 қараша . Kazakhstan Today. Павлодарда өрт сөндіру және құтқару спорт ойындары бойынша Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған республикалық жарыстар басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Павлодар облыстық өртке қарсы күрес департаментінің бастығы Серік Адамжанов журналистерге берген сұхбатында, "біз бұл спорт ойындарын жеке топтың кәсіби шеберлігін анықтау мақсатындағы емтихан немесе тест ретінде қабылдаймыз, мұнда әр жауынгердің моральдық және физикалық қасиеттері шыңдалады",-деді.

Республика тәуелсіздігі күніне орайластырылған қысқы чемпионатқа барлық облыстан және Алматы мен Астанадан 18 құрама, жалпы 172 спортшы қатысуда. Дәстүр бойынша Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің Көкшетау техникалық институтының , Павлодар мұнай химиялық зауытының құрамалары жоғарғы көрсеткіштерге ие болады, дейді С.Адамжанов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары өртке қарсы қызметте елеулі өзгерістер болып жатыр. "Біздің бөлімдерге жаңа автокөліктер келуде, байланыс жүйелері, жауынгерлердің керек жарақтары жаңартылуда, және қызметкерлерге қойылып отырған талап та күшейтілді",-деп атап өтті департамент бастығы. С.Адамжановтың сөзіне қарағанда, биыл Павлодардағы өрт сөндірушілердің автопаркі бес жаңа автоцистернамен толықты. "Жақын арада техника жүз пайыз жаңартылады деп күтілуде",-деді ол.

Министрліктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қазақстандық өрт сөндіру қызметі Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар федерациясының мүшесі, оның құрамына 40 астам мемлекет кіреді. "Ағымдағы жылдың қараша айының басында өткен "Иран 2006" әлем чемпионатының қорытындысы бойынша отандық өрт сөндірушілер құрамасы әлемдік деңгейде алтыншы орынға ие болды, ал Азия елдері арасында бірінші орынды иеленді", деп атап өтті баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны