20.09.2006, 15:56 2858

Павлодарда тәртіп сақшылары жергілікті тұрғыннан 1 килограмнан астам героин тәркіледі

ПАВЛОДАР. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Павлодар облыстық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері қала тұрғынынан 1 килограмм 340 грамм героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

Түсініктемеге сәйкес, полиция қызметкерлері 19 -қыркүйекте 19 сағат 15 минутта "Мак" деп аталатын шараның барысында шұғыл әрекет етуші арнаулы отрядтың жауынгерлерімен бірлесіп 34 жастағы еркектен есірткі тәркіледі. Героин күдікті тұратын үйде жертөледе жасырылған екен. Ол есірткіні кептіру үшін жайып қойыпты.

Тұтқын осыдан бір апта бұрын құрықталған есірткі сатушы топтан ірі көлемде есірткі сатып алушы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны