02.10.2006, 11:24 2959

Павлодарда тәртіп сақшысы парақорлығы үшін ұсталды

ПАВЛОДАР. 2-қазан. Kazakhstan Today. Павлодарда тәртіп сақшысы парақорлығы үшін ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар облыстық прокуратурасынан хабарлады.

Полиция майоры бір жеке меншік фирманың жетекшісінен күзетке арналған бейнежабдықтарды монтаждауға арнаулы рұқсат беру үшін ақша талап еткен. Тәртіп сақшысы өзінің қызметін 30 мың теңгеге бағалаған. "Кәсіпкер құқық қорғау мекемелерінің көмегіне жүгінген",- деп хабарлайды прокуратура. ІІД-нің мемлекеттік күзет қызметінің 39 жастағы аға инспекторы параны алып жатқан сәтте қолға түсті.

Сонымен бірге тәртіп сақшысының сейфінен оперативтік қызметкерлер үлкен көлемде АҚШ доллары және теңге түріндегі ақша тапты. Прокуратураның ақпаратына сәйкес, қазір тергеушілер ақшаның шығу тегі мен нақты қожайынын анықтап жатыр.

Ұсталған адамның үстінен Қылмыстық кодекстің "бопсалау арқылы пара алу" жөніндегі 311-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Прокуратураның хабарлауынша, бұл облыста құқық қорғау мекемесі қызметкерлерін парақорлық пен сыбайлас жемқорлық жөніндегі айыппен ұсталуына қатысты алғашқы оқиға емес. Қыркүйекте жоғары лауазымды екі тәртіп сақшысы қамауға алынды. 13-қыркүйекте қылмысты жасырғаны үшін 50 мың теңге көлемінде пара алған Павлодардың солтүстік полиция бөлімінің бастығы, полковник Қанат Тағамбаев тергеу абақтысына қамалды. Осындай қылмыстық іс Пвлодар облыстық ІІД Екібастұз бөлімінің бастығы Еркеш Смағұловтың үстінен де қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны