29.01.2008, 16:55 3108

Павлодарда үш әскери қызметкерге бір сарбазға әлімжеттік көрсетіп өлтіргені үшін айып тағылуда

Павлодарда үш әскери қызметкерге бір сарбазға әлімжеттік көрсетіп өлтіргені үшін айып тағылуда

Павлодар. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" -Павлодарда жедел әскери қызметінде сарбаздың өліміне қатысты сот процесі өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Сот алдына ішкі істер министрлігінің ішкі әскердің 5512 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері тартылды. Оларға ҚР ҚК 370 бабының 3 тармағы ( әскери қызметкерлері арасындағы жарғылық тәртіптің бұзылуы және одан туындаған ауыр салдар) бойынша айып тағылуда

"Олар жаңадан келген сарбазға күш көрсетіп, соққының астына алып өлтірген және "әлімжеттіктің" бірқатар деректері бойынша айып тағылып отыр", - деді әскери тергеушілері.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, былтырғы жылдың 30 тамызында ішкі әскердің 5512 іскери бөлімшесінің әскери жедел қызметінің сарбазы қалалық №1 ауруханасына ауыр халде жеткізілді. Екі аптадан кейін жас жігір бас жарақатынан көз жұмды. Бұған қатысты бұрыннан бері қызмет атқарып келген 3 әскери қызметкер құрықталды. Тергеу кезінде әскери тергеушілері анықтағанындай, күдіктілер жаңадан келген басқа сарбаздарға да әлімжеттік көрсетіп, ақша талап еткен. Искери-тергеу бөлімінде хабарлағанындай, сот алдына тартылғандарға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Искери тергеушілердің берген мәліметтері бойынша, бүгінде Павлодарда жедел әскери қызметінде қаза тапқан тағы да бір сарбазға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, өткен жылдың 7 маусым айында облыстық құрт ауруларға қарсы диспансеріне ішкі әскердің 6679 әскери бөлімшесінен қатардағы сарбаз жеткізілген болатын. Он күннен кейін ол оң жақтағы өкпесінің инфильтративтік құрт ауруынан көз жұмған. Искери қызметкерлері бұл іс бойынша, ауру адамды зерттеген дәрігерлердің салғырттығын айқындап, қылмыстық іс қозғады.

Ресми деректер бойынша, өткен жылы Павлодар облысында орналасқан әскери бөлімшелерінде жедел әскери қызметінде 4 сарбаздың өлім-жітімі тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны