14.03.2007, 18:52 3269

Павлодарда жүргізілген рейд барысында есірткіге елітіп алып көлік айдап жүрген бес жүргізуші құрықталды

ПАВЛОДАР. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Павлодарда жол полициясы басқармасы мен есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген рейд барысында есірткіге елітіп алып көлік айдап жүрген бес жүргізуші құрықталды , деп хабарлады Павлодар облысының есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Ержан Бакумбаев.

"Біз рейд жүргізілген екі күн ішінде екі жүзден астам көлік тексердік, сараптама бес жүргізушінің есірткіге елітіп жүргендігін көрсетіп отыр",- деді Е. Бакумбаев. Сонымен қатар, полицейлер ұсталған бес жүргізушінің екеуі қалалық такси фирмаларының қызметкерлері екендігін атап өтті.

"Біз қалалық такси жүргізушілерінің есірткі сатушыға айналатындағын жиі кездестіреміз, олар өте мобильді, сондай-ақ олардың көбісі есірткі сатуды тұтынумен ұштастырады",- деді Е. Бакумбаев.

Полицейлердің сөздеріне сүйенсек, такси жүргізушілерінің героин сату деректері тіпті 2006 жылы тіркелген. Такси жүргізуші - есірткі сатушыны құрықтау оқиғасы соңғы рет 2007 жылдың қаңтарында болған. Ол кезде есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жеке тасымалмен айналысқан павлодарлықтан 10 грамм героин тәркілеген болатын.

"Бұл жағдайдан шығудың жалғыз жол - таксомоторлық фирмалардың жұмысына тәртіп орнату, такси қызметін бақылауға алу. Ирине, ол үшін көлік бақылау басқармасы, қала көліктерінің бөлімдері сияқты сәйкес өкілетті органдар бар, дегенмен тек біздің ұсынысымыздың арқасында ғана Павлодардың барлық таксомоторлық фирмаларында жүргізушілер жұмысқа шығар алдында міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді",- деді есірткі бизнесімен күрес департаментінің басшысы.

Облыстың ІІД қызметкерлері жыл басынан бері есірткі заттарын пайдаланғаны үшін барлығы 137 жүргізушіні құрықтаған, олардың 26-сы жеке тасымалмен айналысқан. Жол полициясы басқармасы мен есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген рейд "Павлодар - есірткісіз қала" аймақтық бағдарлама аясында өткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны