05.07.2008, 16:33 3033

Павлодардағы тергеу абақтысында 22 жастағы сотталған жігіт асылып өлді

Павлодардағы тергеу абақтысында 22 жастағы сотталған жігіт асылып өлді

Павлодар. 5 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардағы тергеу абақтысында 22 жастағы сотталған жігіт асылып өлді. Бұл туралы өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

АП 162/1 мекемесі басшылығының хабарлауынша, жігіттің денесін 03 сағат 45 минутта дәретханада тауып алған. Оның қолында хат болған. Онда: "менің өліміме судьядан басқа ешкімді кінәламауды сұраймын. Өйткені, мен оған сот залында ұрлық істеген жоқпын деп айттым, бірақ ол сенбеді", -делінген дейді мекеме басшысы Қалыбек Мүслімов журналистерге.

Қ. Мүслімовтың хабарлауынша, жас жігіт ұялы телефон ұрлығы үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылған. "Бала жетімдер үйінде тәрбиеленген, сол себепті оның туыстары жоқ",- деді абақты басшысы. Сот үкімі екі аптадан кейін күшіне енуге тиіс болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны