29.10.2009, 17:04 3262

Павлодарлық кеденшілер Ресейдің Омбы облысына 30 килограмнан аса апиын алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кесті

Павлодарлық кеденшілер Ресейдің Омбы облысына 30 килограмнан аса апиын алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кесті

Павлодар. 29 қазан. Kazakhstan Today - Павлодарлық кеденшілер Ресейдің Омбы облысына 30 килограмнан аса апиын алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кесті. Өңірлік кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше кешке "Өрлі Төбе" бекетінде Қырғызстан азаматынан жеңіл көліктің артқы орындығының астындағы құпия орыннан жалпы салмығы 32 килограмм 225 грамм болатын қара қоңыр түсті зат салынған 33 полиэтилен пакет шыққан. Бұл аса ірі көлемге саналады. 45 жастағы Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы Қырғызстанның Ош қаласынан Ресейге бет алған. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабының 3-тармағының "в" тармақшасы мен 250-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қырғызстан азаматы уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны